Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

15.04.2026 13:25

Өңірлер бойынша ең төмен деңгей Маңғыстау облысында тіркелді

Depositphotos.com

Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5%-ға өссе, жылдық мәнде 45%-ға қымбаттаған.

Өңірлер бойынша ең төмен деңгей Маңғыстау облысында тіркелді: 14,5%, Шымкентте 29%-ға, Астанада 29,9%-ға қымбаттаған. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында қатты қымбаттаған, бір жылдағы өсім - 71%.

Сонымен қатар, Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 2,7 млрд теңге болған

Дереккөз: Dalanews.kz.

Оқи отырыңыз: ТЖМ ескертеді: балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек