ТЖМ ескертеді: балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі балалардың ересектердің қарауынсыз қалуынан болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күн жылынып, көктем-жаз мезгілдері басталысымен балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілейді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 5 негізгі ережесі:

  1. Арнайы құлыптар орнатыңыз: Бала терезені өздігінен аша алмауы үшін терезе тұтқаларына арнайы бұғаттағыштар немесе балалар құлыптарын орнату қажет.

  2. Жиһаздың орналасуына мән беріңіз: Терезе алдына бала оңай міне алатындай төсек, үстел, орындық немесе басқа да жиһаздарды тақап қоймаңыз.

  3. Москит торына сенбеңіз: Москит торлары баланың салмағын көтере алмайды. Сондықтан арнайы қорғаныс тетігі жоқ торларды пайдалану аса қауіпті.

  4. Баланы жалғыз қалдырмаңыз: Ешқашан ересектердің қарауынсыз балаларды терезесі ашық бөлмеде қалдыруға болмайды. Тіпті бірнеше секундтық немқұрайлылық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

  5. Түсіндіру жұмысын жүргізіңіз: Балаларға ашық терезенің қауіпті екенін, тордың берік емес екенін және оған сүйенуге болмайтынын ұдайы түсіндіріп отырыңыз.

ТЖМ мәліметінше, қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі балалардың ересектердің қарауынсыз қалуынан болады.

"Балаңыздың қауіпсіздігі - өз қолыңызда! Төтенше жағдай орын алғанда «112» нөміріне хабарласыңыз", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұстаздар мен жастар «Тәлімгерлер аллеясының» негізін қалады

Новости партнеров