Қазақстанда онкологиялық көмекке қолжетімділік артып келеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Дәрілік қамтамасыз ету аясында ісікке қарсы 100-ден астам заманауи препарат қолданылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде Қазақстанда онкологиялық көмектің барлық негізгі түрлері қолжетімді. Атап айтқанда, жоғары дәлдікті диагностикадан бастап, заманауи емдеу әдістеріне дейінгі қызметтер кезең-кезеңімен дамып келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, саладағы қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, биоматериалдарды зерттеу және емдеу тактикасын анықтау бойынша 400-ден астам халықаралық телемедициналық консультация өткізілген. Сонымен қатар үй жағдайында медициналық көмек көрсететін 252 мобильдік бригада жұмыс істейді.

Өңірлерде диагностикаға қолжетімділік те кеңейіп жатыр. Бұл бағытта маммограф, компьютерлік томография (КТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) құрылғыларымен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендердің саны артып келеді.

Дәрілік қамтамасыз ету аясында ісікке қарсы 100-ден астам заманауи препарат қолданылады. Оның ішінде 40-ы – инновациялық таргеттік дәрілер.

Сонымен қатар сүт безі, жатыр мойны және колоректальды обырды ерте анықтауға арналған мемлекеттік скринингтік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта өкпе обырына скрининг енгізу мәселесі де қарастырылуда.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралар онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және емдеу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Көзді ультракүлгін сәуледен қорғаудың тиімді жолы қандай

Новости партнеров