Бұл күні жетекші онколог дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды
Сенбі күні, 28 наурызда Қазақстан Республикасының барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталықтарында Бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара онкологиялық сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, сондай-ақ халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Бұл күні жетекші онколог дәрігерлер азаматтарды учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз және алдын ала жазылусыз тегін қабылдайды.
Негізгі назар келесі ауруларды ерте анықтауға аударылады:
• жатыр мойны обыры;
• колоректалдық обыр;
• бүйректің қатерлі ісіктері.
Ашық есік күні шеңберінде:
• онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикасы бойынша консультациялар беріледі;
• алғашқы белгілер түсіндіріледі;
• диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы ақпарат ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Көктемде қандай дәрумендер қабылдау қажет - мамандар кеңесі