Референдумға дейін:
7
күн
4
сағат
48
минут

Көктемде қандай дәрумендер қабылдау қажет - мамандар кеңесі

Мира Байбек
Depositphotos.com
Depositphotos.com

Көктемде дәрумен тапшылығы иммунитет әлсіреуіне және түрлі аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктем мезгілі келгенде адам ағзасында дәрумендердің жетіспеушілігі жиі байқалады. Мамандардың айтуынша, маусым ауысқан кезде адамдардың шамамен 80 пайызына дейін дәрумен тапшылығына тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Дәрігерлер мұндай жағдайды «авитаминоз» деп емес, гиповитаминоз – яғни ағзадағы дәрумендердің деңгейі төмендеуі деп атаған дұрыс екенін айтады. Бұл көбіне климаттық жағдайға, өмір салтына және адамның тамақтану әдетіне байланысты пайда болады.

Мамандардың айтуынша, көктемде дәрумен тапшылығы адамның денсаулығына кері әсер етіп, иммунитеттің әлсіреуіне және түрлі аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Көктемгі дәрумен тапшылығының негізгі белгілері:

  • әлсіздік пен апатия, бұрын ұнайтын істерге қызығушылықтың азаюы;
  • жиі суық тию және мұрыннан су ағу;
  • созылмалы аурулардың асқынуы;
  • ұйқының бұзылуы, таңертең оянудың қиындауы;
  • түн ортасында жиі ояну;
  • терінің құрғауы немесе безеудің пайда болуы;
  • шаштың сынғыштығы мен тырнақтың әлсіреуі;
  • асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (іш қату, гастрит белгілері);
  • қызыл иектің қанай бастауы;
  • зейіннің төмендеуі;
  • жиі бас ауруы;
  • құлақтағы шу және жеңіл бас айналу.

Мамандардың айтуынша, осы белгілердің кем дегенде екеуі байқалса, ағзадағы дәрумен деңгейіне назар аударып, алдын алу шараларын қолға алған жөн.

Көктемгі дәрумен тапшылығы тек ересектерде ғана емес, балаларда да кездесуі мүмкін. Сондықтан бұл кезеңде адамның жалпы жағдайына ерекше көңіл бөлу маңызды.

Дәрумен тапшылығын қалай болдырмауға болады?

Дәрігерлердің айтуынша, ағзаның дәруменге деген қажеттілігін өтеудің ең тиімді жолы – дұрыс әрі теңдестірілген тамақтану.

Рационға мыналарды көбірек қосу ұсынылады:

  • балық;
  • жаңа сығылған шырындар;
  • көкөністер мен жемістер;
  • түрлі көк шөптер.

Ал консервіленген тағамдарды мүмкіндігінше азайтқан дұрыс. Сонымен қатар ағзадағы дәрумен деңгейін бақылап отыру да маңызды.

Мамандар теңдестірілген тамақтанумен қатар таза ауада жиі серуендеу және тұрақты физикалық белсенділік дәрумен тапшылығын жеңуге көмектесетінін атап өтеді.

Дәрігерлер ескерткендей, дәрумен жетіспеушілігінің белгілерін елемеу денсаулықтың нашарлауына әкеліп, кей жағдайда медициналық көмекке жүгінуді талап ететін ауыр ауруларға себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ дәрумен тапшылығы салдарынан туындайтын ангина, суық тию, мұрынның бітелуі немесе құлақтың қабынуы (отит) сияқты ауруларды емдеуде лор-дәрігердің көмегі қажет.

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері ұйқыны қандырып ұйықтау пайдалы ма

Новости партнеров