Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы қымбаттай ма

24.04.2026 11:15

Қарыз көлемі 3 трлн теңгеден асып, салаға қысым түсіріп отыр.

Аlmaty.tv

Қазақстан темір жолы шығынмен жұмыс істеп отыр, бұл жағдай тасымал бағасының айтарлықтай қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов ҚТЖ-ның тариф саясаты мәселесін көтерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz -ке сілтеме жасап.

Жоғары аудиторлық палатаның дерегіне сүйенсек, елдегі жүк айналымының шамамен 70%-ы өзіндік құнынан төмен тарифпен тасымалданады.

Қазақстан ЕАЭО мен ТМД елдері арасында теміржол тарифтері ең төмен мемлекеттердің бірі саналады. Ал көрші елдерде дәл осындай тасымал құны 2-4 есе қымбат.

ҚТЖ-ның жалпы қарызы жаңа несиелерді қосқанда 3 триллион теңгеден асып кеткен.

Бұл мәселені соза беру ҚТЖ-ның өзіне де, жалпы елдің транзиттік әлеуетіне де айтарлықтай теріс салдар әкелуі мүмкін, – деп ескертті депутат Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.

Бұқтұғұтовтың айтуынша, тарифтерді жедел реформалау қажеттігін бұған дейін ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тапсырған болатын.

Оқи отырыңыз: Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді