23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дәстүрге сәйкес халықаралық байқаушылар да қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv
Солардың бірі – Үндістан-Орталық Азия қорының директоры Рамакант Двидеви. Бұған дейін де ел тарихындағы маңызды саяси науқандарға қатысып жүрген ол Қазақстандағы реформаларға оң баға беріп, алдағы сайлаудың маңызын атап өтті. Халықаралық байқаушының айтуынша, Құрылтай сайлауы азаматтардың елді басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ашық әрі әділ сайлау мемлекеттік институттарға деген сенімді күшейтеді,- дейді.
«Қазақстанда сайлауды ашық әрі әділ өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Цифрлық қызметтердің енгізілуі азаматтардың дауыс беру процесіне қатысуын жеңілдетеді. Алдағы Құрылтай сайлауы елдегі демократиялық реформаларды да одан әрі нығайтып, азаматтардың өз өкілдерін сайлауына мүмкіндік береді», – деді халықаралық байқаушы Рамакант Двидеви.
Оқи отырыңыз: Сайлау алдындағы онлайн-сауалнамалар: мамандар ескерту жасады