2027 жылдың соңына дейін барлық су қоймасын цифрландыру жоспарланып отыр
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының су ресурстарын цифрландыру және жасанды интеллектіні агроөнеркәсіптік кешенге енгізу жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Су ресурстарының ұлттық цифрлық жүйесі әзірленді, ал бес су қоймасы цифрлық сыңарларға ие болды. 2027 жылдың соңына дейін барлық су қоймасын цифрландыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығында Smart Data Agro, Smart Farm және Smart Agro Platform платформаларын кезең-кезеңімен іске қосу көзделген.
«Көлік саласын цифрландырудың мақсаты – ішкі және халықаралық тасымалдар кезінде қағаз тауар-көлік жүкқұжаттарынан толық бас тарту. Электрондық рұқсаттар және электрондық жүкқұжаттар бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Пилоттық жобалар бірқатар елмен бірге жүзеге асырылуда»,— деді Жаслан Мәдиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда Қарасай батыр көшесінің бойында біртұтас жүргіншілер аймағы жасалып жатыр