Биылғы бірінші тоқсанда азаматтардың 16 мыңнан астам өтініші қаралды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Биылғы бірінші тоқсанда азаматтардың 16 726 өтініші қаралып, 1 723 жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау шеңберінде 92 тексеру жүргізілді.
Олардың қорытындысы бойынша 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталып, 1 100-ден астам ұйғарым берілді, жалпы сомасы 136 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл ретте Комитет басшысы жұмысты күшейтуге және қол жеткізілген нәтижелерге, соның ішінде жалақы бойынша ағымдағы және мерзімі өткен берешекті азайтуға баса назар аударды.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 36%-ға қысқарды: жыл басындағы 876 млн теңгеден 554 млн теңгеге дейін.
«Мемлекеттік бақылау шеңберінде қабылданған шаралар нәтижесінде 17,5 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Комитет мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциясын күшейткенін нық айтуға болады.
Мысалы, былтыр осы кезеңде 11 мың азаматтың еңбек құқығы қорғалған», – деді спикер.
Оқи отырыңыз: Алматы тау кластерін дамыту: Үкімет басшысы жобаларды жеделдетуді тапсырды