Қазақстан аумағынан заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында қолға алынған
Елімізде заңсыз орнатылған қосымша отын бактарын пайдаланған 255 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 195-і – мемлекеттік шекараны кесіп өткен шетел азаматтары, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Тексеру барысында көліктерге заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бөлшектеліп, кейін көлік иелеріне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар жанар-жағармай материалдарын Қазақстан аумағынан заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында қолға алынған.
Осыған байланысты қосымша отын бактарымен заңсыз жабдықталған көліктерге бақылау күшейтілді.
Қазір мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында көлік құралдарын тексеретін 59 полиция бекеті жұмыс істеп тұр.
Олар заңсыз қайта жабдықталған көліктерді анықтап, заң талаптарының сақталуын бақылауда ұстап отыр.
Оқи отырыңыз: Жангелдиндегі қанды оқиға: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды