Тізілімдегі әрбір үйге мекенжайдың тіркеу коды беріледі
Қазақстандағы барлық көппәтерлі тұрғын үйлер туралы ақпарат бірыңғай тізілімге жинақталады. Онда әр үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, техникалық жағдайы, лифтілері және есепке алу аспаптары туралы мәліметтер қамтылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен хабарлағандай, бұл жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң талаптарын орындау, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі. Тізілімдегі ақпарат күрделі жөндеу, техникалық тексеру және инженерлік желілерді жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қандай үйлер тізілімге енгізіледі?
Түгендеу екі немесе одан да көп пәтері немесе тұрғын емес үй-жайы бар, ортақ мүлкі қалыптасқан барлық жеке тұрған көппәтерлі үйлерді қамтиды.
Олардың қатарында:
Яғни, үйдің басқару тәсіліне немесе кондоминиумның тіркелуіне қарамастан, заң талаптарына сәйкес келетін барлық ғимарат есепке алынады.
Әр үйдің жеке коды болады
Тізілімдегі әрбір үйге мекенжайдың тіркеу коды (МТК) беріледі. Осы код арқылы ғимарат туралы әртүрлі ақпарат бір жерге біріктіріледі.
Тізілімде үйдің техникалық сипаттамалары, пәтерлер мен басқа да үй-жайлар туралы мәліметтер, басқару нысаны, лифтілердің жағдайы, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу құралдары туралы ақпарат сақталады.
Жеке деректер жиналмайды
Түгендеу барысында пәтер иелерінің жеке деректері жиналмайды. Атап айтқанда, олардың аты-жөні, ЖСН-ы, құқық белгілейтін құжаттары және берешегі туралы мәліметтер тізілімге енгізілмейді.
Ақпаратты ұсынуға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополия субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және өзге де басқару субъектілері міндетті.
Тізілім не үшін қажет?
Бірыңғай тізілім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, оның көмегімен:
Осылайша, шешімдер орташа көрсеткіштерге емес, әрбір үй бойынша жиналған нақты мәліметтерге сүйеніп қабылданады.
Тізілімнің қалыптасуы тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын арттырып, күрделі жөндеу мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыда рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысы жалғасып жатыр