Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген жиһангез бойжеткен Алматыға жетті

Екі дөңгелекті көлігінде ұзақ сапарға қажетті құрал-жабдықтың барлығы бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуірде Ақтаудан жолға шыққан саяхатшы 38 күн бұрын Маңғыстаудан сапарын бастап, Ақтау, Атырау, Орал және Қызылорда қалаларында аялдаған. Алатау баурайындағы шаһарға табан тіреген ол Алматының көрікті орындарын аралап, мегополис тынысымен жақынырақ танысуды көздейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ол барған жерлерінің табиғатын бейнетаспаға түсіріп, оны Қытайдағы қандастарға насихаттауды дәстүрге айналдырған. Екі дөңгелекті көлігінде ұзақ сапарға қажетті құрал-жабдықтың барлығы бар. Енді 22 жастағы жиһанкез Астана күні қарсаңында елордаға жетіп, сапарын түйіндеуді жоспарлап отыр.

«Қазақстанға көшіп келгеніме 1 жыл болды. Өткен жылы наурызда елге келдім. Бір жыл тұрған соң велосипедпен Қазақстанның барлық өңірінаралау үшін сапарға шығып отырмын. Шетелде туып өскен қазақпын. Мен сияқты шетелдегі қазақтар өте көп, олар да ата-жұртын сағынатын шығар деген оймен елдегі аралаған жерлерді фото, видеоға түсіріп, көрсетіп жүрмін», – деді саяхатшы Бүрлен Әділетқызы.

«Қазақстанды толық аралап, велосипедпен саяхаттап келген Бүрлен Әділетқызын қарсы алып жатырмыз. Бұл – біз үшін үлкен құрмет. Себебі бұл – туризмді насихаттауға қосқан үлес. Алдағы екі күнде Бүрлен Әділетқызына Алматының туристік орындарымен таныстырамыз. Қандай маңызды туристік обьектілер бар, туристерді не қызықтырады? Барлығын көрсетеміз», – деді Туризм басқармасының баспасөз хатшысы Ақбота Сақұлова.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың маусымында қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров