Қазақстандық балалардың алимент алу құқығы қалай қорғалмақ

04.03.2026 12:49

Мәжіліс арнайы хаттаманы ратификациялады

Аlmaty.tv

Мәжіліс 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат 2025 жылғы 26 маусымда қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv

Хаттама кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Түзетулерге сәйкес, олардың пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрықтарын Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекеттердің аумағында тану және орындау көзделеді.

Ұсынылған нормаларды іске асыру мемлекетаралық қатынастарда сот бұйрықтарын орындау кезінде туындайтын құқықтық олқылықтарды жоюға және бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Наурыз» ипотекасы қашан іске қосылады