Қазақстандық гимнаст Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

05.04.2026 14:23

Отандасымыз жекелей көпсайыста 106,900 ұпай жинады

instagram.com/yerekesheva_akmaral

Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Отандасымыз жекелей көпсайыста 106,900 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Алтын медальді Беларусь өкілі Алина Горносько (112,200 ұпай) жеңіп алса, ресейлік Мария Борисова (110,350 ұпай) екінші орынға тұрақтады.

Оқи отырыңыз: Бүгін – әскери қатынастар органдары мамандарының кәсіби мерекесі