Жол ережесін бұзбаған үлгілі жүргізушілер марапатталды

05.04.2026 15:36

Аталған баста жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған

Видеодан кадр

Астана – Петропавл республикалық тасжолында полиция қызметкерлері “Үлгілі жүргізуші" профилактикалық акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл форматтағы іс-шара алғаш өткеніне қарамастан, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізушілер арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың маңызды кезеңіне айналды.

Аталған бастама тәртіпті жүргізушілерді қолдау мен ынталандыру арқылы жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтайтын автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, алғыс хаттармен марапаттады.

Мәселен, өңір тұрғыны Григорий Пономарев — көпжылдық тәжірибесі бар жүргізуші. Ол 1975 жылы алғаш рет рөлге отырған. Содан бері бірде бір рет жол ережесін бұзған емес.

Үлгілі жүргізуші басқа азаматтарды да жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға оң әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Кене шаққанда не істеу керек: Алматы дәрігерлері тұрғындарға ескерту жасады