Қазақстандық гимнастар Challenge Cup кезеңінде өнер көрсетеді
Ұлттық олимпиада комитеті
Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Халықаралық гимнастика федерациясы Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысатын құрамалардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт гимнастпен өнер көрсетеді.
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар);
- Нұртан Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар);
- Асан Сәлімов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық және кермедегі жаттығулар);
- Роман Маменов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар).
Айта кетейік, Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз: Голан жоталарынан Алматыға оралған бітімгерлерді салтанатпен қарсы алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50