Қазақстандық гимнастар Challenge Cup кезеңінде өнер көрсетеді

20.05.2026 17:56

Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді

Ұлттық олимпиада комитеті

Халықаралық гимнастика федерациясы Словенияның Копер қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысатын құрамалардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт гимнастпен өнер көрсетеді.

  • Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар);
  • Нұртан Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар);
  • Асан Сәлімов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, қоссырық және кермедегі жаттығулар);
  • Роман Маменов (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина және қоссырықтағы жаттығулар).

Айта кетейік, Словениядағы халықаралық турнир 28-31 мамыр аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Голан жоталарынан Алматыға оралған бітімгерлерді салтанатпен қарсы алды