Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы АҚШ-тағы Гран-приде өнер көрсетті
t.me/olympickz
Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде 11-орынға тұрақтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің шешімімен 61,03 ұпай еншілеп, 11-орынға тұрақтады.
Жапония өкілі Ами Накай 82,20 ұпаймен көш бастады. Екінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова (74,24 ұпай) тұр. Үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ю Чжэ (73,92 ұпай) түйіндеді.
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түні өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда 66 елдің желаяқтары қатысқан жүгіру маусымы қорытындыланды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50