Қазақстандықтар Дубайға қайта ұша алады
Әуе қатынастары белгіленген кесте бойынша орындалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық әуе компаниясы ертеңнен бастап Алматы, Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосатынын хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Әуе қатынастары белгіленген кесте бойынша орындалады. Дегенмен Таяу Шығыстағы ахуал тұрақты бақылауда.
Егер ондағы жағдай өзгерсе, ұшу кестесіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Мұндай кезде жолаушыларға алдын ала қосымша ақпарат беріледі деп көрсетілген.
Еске салайық, әуе компаниясы осыдан 2 күн бұрын Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделенуіне байланысты Дубайға қатынайтын бірқатар рейсті уақытша тоқтатқан болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда жастарды салауатты өмірге үндейтін ерекше мурал ашылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
27.11.2026 11:00
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
27.11.2026 10:15
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
27.11.2026 14:00