Қазақстандықтар еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығуы мүмкін

21.04.2026 21:10

Қазақстандықтар жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығуы әбден мүмкін. Үкіметте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл бастама ведомстволық ұйымдар мен сарапшылардың қарауына жолданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, жұмыс тобының отырыстары мамырда басталады. Асқарбек Ертаев зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізуге қатысты үш ұсыныс қарастырылып жатқанын жеткізді. Оның біріншісі, «4 + 1» моделі. Яғни, жұмыс берушілер 2028 жылға қарай қызметкерлер үшін төлейтін 5 пайыз жарнаның 4 процентін тікелей қызметкердің жеке шотына аударып, қалған 1 пайызын ортақ қорға жіберуі қажет. Бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бастамасы. Екіншісі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тарапынан сақтандыру зейнетақысына қатысты. Ал үшіншісі, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығу туралы нұсқа.

Еске сала кетейін, бұған дейін Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынған.

«Ұсынысты сенатордан алдық. Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер жасау керек екенін талдайтын арнайы жұмыс тобы бар. Мамырда жұмыс тобына 3 ұсынысты да шығарамыз. Ол жерде сарапшылар мен уәкілетті органдар талқылау керек. Сол үшеуінің арасында біріне орташа тоқталуымыз керек», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев.

Оқи отырыңыз: Банктік шот бұғатталған кезде не істеу керек