Қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр
Қазақстандықтар жақын арада Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жыл соңына дейін нақты шешім қабылданады деп үміттеніп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер келісім сәтті аяқталса, отандастарымыз шекара асып, сол мемлекетте еңбек ете алады. Вице-министрдің сөзінше, жұмысқа баратын азаматтар алдымен арнайы тест тапсырады. Корей тарабы оларға жергілікті жердің заңдары мен тәртібі туралы ақпарат береді.
Айта кетейік, қазір шамамен 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр
«Олар заңды бұзып, қайтып келсе Корея тарапы қарастырады. Екініші рет баратын болса, арнайы емтиханнан тапсырады. Корей тарапы қабылдаса, құжаттары реттелсе, бара алады», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды