Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамту қарқыны бірнеше есеге артты

20.08.2026 14:38

Соңғы үш жылда 317 елдімекеннің сумен жабдықталуы жақсарды

Аlmaty.tv

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарының қарқыны артты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство мәлім еткендей, 2021-2023 жылдар аралығында Су шаруашылығы комитеті топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 6 жобаны аяқтаса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш 18 жобаға жетті.

Нәтижесінде 317 елдімекеннің сумен жабдықталуы жақсарды. Бұл елді мекендерде 713 мың адам тұрады. Оның ішінде 71 ауылдық елді мекендегі 115 мың тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

«Министрлік құрылғаннан кейін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау, сондай-ақ елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешу жұмыстары айтарлықтай жеделдетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 145 елді мекенді немесе 457,7 мың адамды қамтитын 14 жоба жүзеге асырылып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Оқи отырыңыз: БҚО-ға соңғы бір жылда 160 мың турист келген

Толық көрсету