Жолбарыстар «Іле-Балқаш» табиғи резерватының арнайы дайындалған вольеріне орналастырылды
Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға есімдер берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай, есімдер екі елдің ынтымақтастығын және жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіреді.
Атап айтқанда:
Қазақстанға жеткізілгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды.
Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталғаннан кейін оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі.
Жіберу алдында жолбарыстар спутниктік қарғыбаулармен жабдықталады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыда пәтер ұрлығының саны шамамен төрттен бірге азайды