Өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған
Биыл елімізде жанар-жағармай материалдарын шетелге заңсыз шығарудың 712 әрекеті анықталған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Маңғыстау облысында 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнайды өңдеген шағын зауыттың жұмысы әшкереленді. Өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған. Сондай-ақ Түркістан облысында шекара астымен қазылған тоннель арқылы Өзбекстанға бензин тасымалдаған трансұлттық қылмыстық топ анықталды.
Қырғызстанға АИ-92 бензинін заңсыз жеткізген деген күдіктілерге қатысты тергеу аяқталды. Олар шығарған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, құны 37 млрд теңгені құраған. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі 8 тергеп-тексеру жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Ақтауда аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікті ұсталды