Қазақстанның бірқатар өңірінде электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның кей өңірлерінде электрмен жабдықтауға қатысты жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрліктің мәліметінше, 14 тамызда энергетикалық жүйеде қуаттың күрт артуы байқалған. Бұған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруі себеп болған.

Осының салдарынан автоматика іске қосылып, бірқатар өңірдегі тұтынушылар электр қуатынан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта жүйелік оператор KEGOC АҚ қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірқатар өңірде электрмен жабдықтау қайта қалпына келтірілген.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру барысы туралы қосымша ақпарат беріледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру бойынша 19 жаңа жоба іске қосылды