Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өңірлік білім басқармалары ауа райының суып кетуіне байланысты шешім қабылдаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік білім басқармалары таратқан мәліметтерге қарағанда, 16 қаңтарда еліміздегі бірқатар өңірде сабақ қашықтан оқытылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысында 37 градус суық болады. Осы себепті мектептердегі бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ақтөбе қаласы білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық мектептердің 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды.

"Ал Атырау қаласында сабақ офлайн болады. Тек Жылыой, Индер және Мақат аудандарының оқушылары ғана қашықтан білім алады", - деп хабарлады өңірлік білім басқармасы.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

Оқи отырыңыз: Астанада 11 жастағы оқушы төрт тілде 853 кітап оқыған

Новости партнеров