Қазақстанның қай өңірлерінде су тасқыны қаупі жоғары

05.03.2026 13:30
Almaty.tv (мұрағат)

Наурыз айы қарлы болмақ. Синоптиктер осындай болжам айтып отыр. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклондардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Көптеген өңірлерде тұман түсіп, боран соғуы мүмкін. Кей аймақтарда қардың күрт еруіне байланысты су тасқыны қаупі де бар. Ал Алматы қаласында күн райы қалай болады?

Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы  «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Аружан Мұратова жауап береді.

– Аружан ханым, алдағы күндері мегаполисте ауа райы қалай құбылады? Тұрғындарға қандай да бір ескерту бар ма?

«4 наурыз құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көк тайғақ болады. Ауа температурасы түнде 1 градус жылы, күндіз 6-8 градус көтеріледі. 5 наурыз құбылмалы, бұлтты. Түнде қар жауып, жолдарда көктайғақ болады, тұман түседі.  Ауа температурасы түнде 0, +2 градус, күндіз +4+6 градус. 6 наурызда жаңбыр мен қар аралас жауады. Түнде жолдарда көктайғақ, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0, + 2 градус күндіз +3,+5 градус жылынады».

– Ал Қазақстан бойынша алдағы аптада күн райы қандай болады? Қай өңірлерде күн салқындап, жауын-шашын күтіледі?

«Алдағы күндері республиканың бас бөлігінде ау -райы құбылмалы. Жаңбыр мен қар аралас жауады. 5-6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында нөсер, жаңбыр мен қар аралас жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, көктайғақ, тұман түседі. Солтүстік өңірлерде боран соғады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарлайды».

– Биыл көктемде Қазақстанның қай өңірлерінде су тасқыны қаупі жоғары?

«Көктемді су тасқыны бойынша жоғары тәуекел аймақтары  – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан және Абай облысы.  Орташа тәуелкел аймақтары – Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар,  Түркістан, Алматы облыстары және Жетісу облысы. Төмен тәуекелді аймақтар – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары».

Оқи отырыңыз: Алматыда 2-8 наурыз аралығында ауа райы қандай болады