Қазақстанның халықаралық абырой-беделі арта түсті – Президент елдің сыртқы саясаты туралы

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықаралық аренадағы Қазақстанның орны мен рөлі айтарлықтай нығайып келеді. Елдің сыртқы саясаттағы белсенділігі оның абырой-беделін арттырып, халықаралық құқық субъектісі ретінде беделін күшейтеді. Әсіресе, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс мемлекеттерінің ықпалды басшылары Астанаға сапармен келіп, экономикалық, инвестициялық және стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Сыртқы саясатқа қатысты жоғары деңгейдегі іс-шаралардың көптігі Қазақстанның абырой-беделі өсіп, халықаралық құқық субъектісі ретіндегі рөлі арта түскенін көрсетеді. Шетелге жасаған сапарларымнан бөлек, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс аймақтарындағы ықпалды мемлекеттердің басшылары Астанаға сапармен келді. 

Әрбір келіссөзде экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа, әлемдік аренадағы қарым-қатынасқа қатысты маңызды мәселелер көтеріледі. Былтыр экономикамыздағы басымдық берілген салаларды дамыту үшін жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан Еуразия кіндігінде орналасқан ел ретінде, әсіресе, қазіргі алмағайып заманда түрлі үдерістен сырт қалмауы керек. Біздің халықаралық қатынастағы негізгі мәселелер туралы өз көзқарасымыз, нақты ұстанымымыз болуға тиіс. Сондықтан, мен БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында осы әмбебап жаһандық ұйымды реформалауға қатысты Қазақстанның ұстанымын егжей-тегжейлі айтып өттім.    

Халықаралық дау-дамайларда ара ағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікірталастарға қатысамын, оның үстіне бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі популизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жабық кеңестерге қатысушылар үшін де маңызды болса керек.   

Қазақстанның сыртқы саясаты – абайланған, салмақты және прагматикалық бағытта жүргізіледі. Елдің халықаралық қатынастағы ұстанымы ашық, бірақ популизм мен артық шу-шыбықтан алыс. Сенімді әріптестік, прагматикалық диалог және экономикалық ынтымақтастық Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін әрі қарай арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты - Қасым-Жомарт Тоқаев

Новости партнеров