Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері тағайындалды

11.09.2026 09:25

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Малайзия және Грузиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv 

"Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Толық көрсету