Биылғы жарысқа барлығы 25 мемлекеттен 150-ден астам оқушы қатысады
2026 жылғы 3-8 мамыр аралығында Грекияның Салоники қаласында Балқан математика олимпиадасы (Balkan Mathematical Olympiad – BMO) өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың математикалық қабілеттерін шыңдау, ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыру және қатысушы мемлекеттер арасындағы академиялық байланысты нығайту.
Жарысқа Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Грекия, Солтүстік Македония, Черногория, Молдова, Румыния, Сербия және Түркия елдері тұрақты түрде қатысады. Сонымен қатар жыл сайын Азия мен Еуропаның бірқатар мемлекеттері қонақ ел ретінде шақырылады.
Биылғы жарысқа барлығы 25 мемлекеттен 150-ден астам оқушы қатысады.
Қазақстан бұл олимпиадаға тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында ұлттық құрама жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық рейтингте өз орнын қалыптастырды.
Қазақстан құрамасының мүшелері:
Қазақстан құрамасының жетекшілері:
Балқан математикалық олимпиадасына қатысу қазақстандық оқушылар үшін Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Аталған дода 2026 жылғы 10-21 шілде аралығында Шанхай қаласында өтеді.
Оқи отырыңыз: Медициналық білім реформасы: Қазақстанда дәрігер даярлау моделі қандай болмақ