Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап оқуға түсетін талапкерлерге арналған
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделін таныстырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Министрдің айтуынша, бұл реформа медициналық білімнің сапасын арттырып, жас мамандардың еңбек нарығына ертерек араласуына жол ашпақ.
2026 жылдан бастап не өзгереді?
Жаңа жүйе 2026 жылдан бастап оқуға түсетін талапкерлерге арналған. Енді дәрігер болу жолы «6 жыл университет + 1 жыл интернатура» формуласы бойынша өрбиді. Оқуды аяқтаған түлек диплом алып, бірден еңбек жолын бастай алады.
Реформаның басты жаңалығы – «дәрігер-интерн» мәртебесінің енгізілуі. Бұл кезеңдегі маман жай студент емес, белгілі бір жауапкершілігі мен нақты практикалық дағдылары бар кәсіби кадр ретінде қарастырылады. Оқу бітірген соң жас дәрігерлерге екі түрлі таңдау беріледі:
Айта кетерлігі, жаңа жүйе бойынша алғашқы мамандар нарыққа 2033 жылы шығады деп күтілуде.
Қазіргі студенттерге реформаның әсері қандай?
Министрлік қазіргі уақытта білім алып жатқан студенттер үшін оқу мерзімі мен мансаптық траектория бұрынғы шарттар бойынша сақталатынын мәлімдеді:
Жаңа модельдің басымдықтары
Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадамның медицина саласы үшін маңызы зор екенін айтады. Ең алдымен, оқу барысында практикаға бөлінетін уақыт ұлғайып, дәрігерлердің кәсіби даярлық деңгейі артады.
Екіншіден, бұл жүйе икемділігімен ерекшеленеді. Жас маманның ертерек жұмыс істей бастауына немесе клиникалық тәжірибе жинақтай отырып, өз бағытын еркін таңдауына мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа модель теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жойып, кадр тапшылығы мәселесін шешудің тиімді тетігіне айналмақ.
Жаңа модельдің негізгі артықшылығы — базалық және клиникалық практиканың ұлғаюы, дәрігерлерді даярлау сапасының және медициналық көмектің тиімділігінің артуы.
Оқи отырыңыз: Халықаралық рейстер: Қазақстанда әуежайларға қойылатын талаптар жаңарды