Президент әр жылдары сыйға берілген тұлпарлардың күтімін көріп қайтты

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы әр жылдары сыйға берілген тұлпарлардың күтімін көріп қайтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

"Мамыр мерекесінде уақыт тауып, әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайттым. 

Бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады", - деп атап өтті Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтарымыздың қатарына бірнеше ай бұрын қосылған құла түстес құлынға Ақниет деп ат қойғанын айтты.

Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

"Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтарымыз да бар. Арасында осында келіп, жылқыларға өз қолыммен жем беріп тұрамын.
Қазақ халқы жылқы түлігін «Ер қанаты – ат» деп ерекше қадір тұтқан. Ел ішінде жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Ашық әрі икемді жүйеге көшеміз - Аида Балаева көші-қон саясаты туралы

Новости партнеров