Қажылық: Астана тұрғыны Меккеге жаяу бармақ

22.04.2026 20:58

Ол шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтпек

instagram.com/azamat_sarsembai

Астана тұрғыны қажылық жасау үшін Меккеге дейін жаяу бармақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ол шамамен 8 мың шақырымды жаяу жүріп өтпек. Бағыты 7 елдің аумағы арқылы өтеді. Астана – Петропавл тасжолында оны полиция экипажы байқап, қауіпсіздігіне алаңдаған тәртіп сақшылары қолдау көрсеткен. Батальон командирі Ерлан Дарбаев бастаған қызметкерлер саяхатшыға арнайы шағылыстырғыш кеудеше сыйлады.

Бұл кеудеше қараңғы уақытта көрінуді арттырып қана қоймай, жаңбырдан да қорғайды. Азамат Сәрсембай полицейлерге шынайы алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» жалғасып жатыр