Қоймадағы өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Ғимаратта көбіне балаларға арналған тауарлар сақталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Солтүстік айналма тас жолында орналасқан қоймалардан шыққан өрттің себебі анықталып жатыр. 1900 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын кеше түнде тұтанып, тілсіз жау толықтай таң ата бірақ өшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қызыл жалын кеше шамамен түнгі сағат 23:00 шамасында тұтанған. Алғашқы бөлімше келген кезде қойма ашық жалынмен өртеніп жатыпты. Лезде өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, автоцистерналар гидранттарға орнатылды.

"8 қаңтар түнгі 01:00 шамасында оқиға орнында  жағдай бақылауға алынды.  Күштер мен құралдар жоғары дәрежелі ранг бойынша жұмыс істеді. Техника су көздеріне қосымша су сорғыш техникасы және қосымша техникалар қойылған", – деді ТЖД Жедел кезекшінің орынбасары Ержан Жайсанов

Жауапты министрлік төтеншеліктердің жедел іс-әрекеті арқасында 3 сағаттан кейін 1900 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау оқшауланғанын хабарлады. Демек, өрттің басқа ғимараттарға таралу қаупі жоғалды.

Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Сондай-ақ ТЖМ автопоезы өртті сөндіруге жұмылдырылған. Жауапты ведомствоның айтуынша, өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен ғимараттың құрылыс ерекшелігіне байланысты күрделенген.

Оқиға орнында төтеншеліктермен қатар, қызыл жалын толық өшкенге дейін тәртіп сақшылары бірге жүрді. Олар бөгде адамдардың өрт ошағына кіріп кетпеуін және маңайдағы қауіпсіздікті күзетті.

Айта кетейік, тілсіз жау тұтанғалы адам шығыны немесе зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Төтеншеліктер алапат өртпен 8 сағатқа жуық арпалысты. Жауапты ведомство қызыл жалынның сөндірілгені туралы ақпаратты таңғы сағат 7:00-де хабарлады. Сол уақыт аралығында оқиға орнында жедел штаб құрылып, тілсіз жаумен күреске 22 техника мен 85 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Өрт орнында қоймада тауарлары қалған кәсіпкерлер де бар. Олар сұхбат беруден бас тартып, қызыл жалын тимеген, бүтін заттарын реттестіріп жатыр. Айта кетейік, ғимаратта көбіне балаларға арналған тауарлар сақталған.

Гүлмарал Изатқызы, Жақсылық Тілепберген, Хангелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағы табиғи жаңажылдық шыршаларды қабылдау акциясын бастады

Новости партнеров