Қолайсыз ауа райы: Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

23.01.2026 15:46

«Қазгидромет» пен «ҚазАвтоЖол» еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты екінші ауысымдағы оқушылар да қашықтан білім алу тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, қалада күндіз температура -10°C дейін төмендеп, түнде -25°C-қа дейін суытуы мүмкін. Сонымен қатар «Қазгидромет» пен «ҚазАвтоЖол» еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.

Ақмола, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында және Оңтүстік өңірлерде қар мен боран күтілсе, кей жерлерде тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Мамандардың сөзінше, мұндай қолайсыз ауа райы алдағы аптаға дейін сақталуы мүмкін.

«24 қаңтарда ауа райы ашық болады.  Күндіз қар жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -10,-12 градус, күндіз +2 градус. 25 қаңтарда қар жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -2, күндіз +1, +3 градус», – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды