Қолайсыз ауа райы: елімізде 3 өңірде мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

26.02.2026 15:57

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері аяз еліміздің басым бөлігінде сақталуы ықтимал

Бүгін ауа райының күрт суытуына байланысты еліміздің 3 өңірінде мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқыту форматына көшірілді. Атап айтқанда  Астана қаласында 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін онлайн оқу режимі енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ал Өскемен қаласында жағдай одан да күрделі. «Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, өңірде ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты даярлық пен 11-сынып аралығындағы оқушылар толықтай қашықтан білім алуға жіберілді. Қызылорда қаласында да дәстүрлі сабақтар уақытша тоқтатылып, барлық сынып онлайн форматқа ауыстырылды. Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері аяз еліміздің басым бөлігінде сақталуы ықтимал.

«Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады, тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады», – деді  «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова

Оқи отырыңыз: Алматыда автокөліктерді тексеру барысында жүздеген көліктің экологиялық талапты бұзғаны анықталды

Теги: мектеп