Қолайсыз ауа райы: елімізде қай аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде біраз аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. - ШҚО шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 59-200 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан - Қаншеңгел ауылына дейін) жол жабылды.  
Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ал ШҚО-да «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 1013-1068 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасы - Қасым Қайсенова кентіне дейін) көлік қозғалысы шектелді.
Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Биыл ақылы жолдардан 79 миллиард теңге түскен

 

 

Новости партнеров