Қолайсыз ауа райы: Жамбыл облысында 700-ге жуық көлік жолда қалды

12.12.2025 15:38

Автокөліктің басым бөлігі Қордай ауданындағы ескі және жаңа асуда тұр

Жамбыл облысында қарлы боран салдарынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында 700-ге жуық көлік жолда қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Автокөліктің басым бөлігі Қордай ауданындағы ескі және жаңа асуда тұр. Полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарып, 60-тан аса қызметкер жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр. Ал Төтенше жағдай департаментінің мамандары қар құрсауында қалған 40-тан аса көлікті шығарды. Тәртіп сақшылар қазіргі жағдайда жолға шықпау керек екенін қатаң ескертуде.

«Қазіргі таңда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Жамбыл облысының кейбір өңірлерінде, жол жабық. Жолдағы сақтық шараларына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Өз қауіпсіздігіңіз бен жақындарыңыздың амандығы үшін жолда жауапкершілікпен жүрейік», – деді облыстық ПД әкімшілік Полиция басқармасының инспекторы Шыңғысхан Кемпірбек.

Оқи отырыңыз: Астанадағы наубайханадан өрт шығып, 4 адам зардап шекті