Астанадағы наубайханадан өрт шығып, 4 адам зардап шекті

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар іштен 5 газ баллонын шығарған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жау Жұмабаев көшесіндегі екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған тандырханада шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өртке газ баллоның жарылуы себеп болды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар іштен 5 құрылғы шығарған. Бұл оттың негізгі ғимаратқа таралуына жол бермеді. Дегенмен наубайхана қызметкерлері түрлі деңгейде күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

«2025 жылы 11 желтоқсан да сағат 20:17-де  Алматы ауданы Жұмабаева көшесі 27/11 мекенжайдағы тандырханадан өрт шыққаны жайлы хабарлама түсті. Бөлімшелердің келгенде тандырхананың 50 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Бір газ балоны жарылды. Өрт орнында 4 адам зардап шекті», – деді Төтенше жағдайлар департаменті ӨСКҚ жедел кезекшісінің Орынбасары Әділхан Болатов.

Оқи отырыңыз: 16 желтоқсанда елімізде ХҚКО-лар жұмыс істей ме

Новости партнеров