Қонаевта 30 жыл жиналмаған қоқыс үйінділері тазаланды

24.04.2026 14:42

Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қонаевта 30 жыл жиналмаған қоқыс үйінділері тазаланды. Шеңгелді ауылдық округінің Кербұлақ елдімекенінде 30 жыл бұрын көшіріп әкеткен үйлердің қирандылары тазаланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Ауыл әкімінің м.а. Жандос Манеевтің айтуынша, мұнда көшіп кеткен 20 үйдің негізі сақталып, үйіндіге айналған.

Олар кезең-кезеңімен тазаланады. Бүгінде оның бесеуінің орны тегістеліп, қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.  

Оқи отырыңыз: Зейнеткерді соққыға жыққан күдікті қамауға алынды