Зейнеткерді соққыға жыққан күдікті қамауға алынды

Ол – Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы аялдамалардың бірінде ер адам 66 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқиға түсіп қалған бейнебақылау камерасындағы жазбаны зардап шеккен әйелдің қызы әлеуметтік желіде жариялады.Оның айтуынша, жігіт зейнеткерді еш себепсіз ұра бастаған. Қазір әйел ауруханада жатыр.

Ал күдікті азаматты полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстаған. Ол – Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны. Қазір аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ¤

«Бұзақылық дерегі бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Сезікті бірден қамауға алынды, 1990 жылы туған Алматының тұрғыны, бұрын сотталған. Барлық тергеу амалдары қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай жүргізіледі. Міндетті түрде азаматтың жүйке жағдайын анықтау үшін Сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Барлық тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті қамауда отыр», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Атырауда алаяқтыққа көмектескендер жазаланды

Новости партнеров