Қордайда қар құрсауында қалған 19 адам құтқарылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

ТЖМ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға кеңес береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында қар құрсауында қалған 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, бүгін автожолдың жабық учаскесінде қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстар жүргізілді.

«ТЖМ құтқарушылары қарға тұрып қалған 5 жеңіл автокөліктен 19 адамды, оның ішінде 1 баланы, құтқарды. Құтқарылғандар уақытша орналастыру үшін жол бойындағы «Гүлдер» кафесіне жеткізілді», - делінген хабарламада.

ТЖМ тұрғындар мен жүргізушілерге ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға және құтқару қызметтерінің ұсынымдарын қатаң сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Екі бала жансақтау бөліміне түсті: Алматы вокзалында 52 адам газдан уланған

Новости партнеров