29 тамызда жағалауларда тазалық күні өтеді
29 тамызда Қазақстан бойынша жағалаулар мен су айдындарына жақын аумақтарды тазалауға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен хабарлағандай, акция аясында тазалық күндері ұйымдастырылып, тұрғындар, еріктілер, ұйым өкілдері және барлық ниет білдірген азаматтар қоршаған ортаны тазалауға атсалыса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жағалаулардың тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Акцияға қатысу арқылы әр азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады.
Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері ұйымдастырады.
Оқи отырыңыз: Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді