Тереңдігі 3 метр канал шомылуға арналмаған
Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Нұра-Есіл арнасында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Тереңдігі 3 метр канал шомылуға арналмаған. Алайда тыйым салатын белгілердің орнатылғанына қармастан, ересектердің қарауынсыз келген балалар қауіпсіздік талаптарын елемепті. Құтқарушылардың айтуынша, жыл басынан бері өңірде екінші бала суға батқан.
«Қайғылы жағдай шомылуға арналмаған Нұра-Есіл су каналында болды. Аталған аумақта ересектердің қарауынсыз екі бала жүрген. Қайтыс болған жеткіншектің денесін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы судан алып шықты», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Оқи отырыңыз: Желге ұшған ақша: Жамбыл облысында 5 жыл бұрын берілген баспаналардың шатыры ұшып кетті