Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды

Almaty.tv
Almaty.tv

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік Айти мектебіне тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген. Алдын-ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған көрінеді.

«Бүгін таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласының мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орныныа дереу 35-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды.  Зардап шеккендер жоқ», – деді Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шахмардан Әзірбаев.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында жолдастарымен бірге аңға шыққан ер адам жоғалып кетті

Новости партнеров