Тобыл қаласындағы №1 мектепте білім алушылардың 45 пайызы сырқаттанып қалған
Қостанай облысында 168 сыныптың оқушысы сабақты қашықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өзгеріске жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандардың көбеюі әсер еткен. Мәселен, Тобыл қаласындағы №1 мектепте білім алушылардың 45 пайызы сырқаттанып қалған. Сол себепті, оқушылар сабақтарға онлайн қатысып жүр. Ал білім ордаларында балалардың қауіпсіздігі үшін тазалық жұмысы жүргізіліп жатыр. Шектеу дүйсенбіге дейін енгізілген. Облыста толықтай қашықтан оқыту форматына ауысқан мектептер әзірге жоқ. Себебі аймақта эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты.
«Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 1,2 есе артты. Бұл көрсеткіш маусымдық кезеңнің заңдылықтарына сәйкес келеді. Облыс аумағында А/H3N2 тұмау түрінің 18 жағдайы расталды. Оның 12-сі - балалар, ал 6-ауы - ересектер арасында тіркелді», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Дәулетбаев.
Оқи отырыңыз: Елімізде жеті өңірдегі оқушылар онлайн оқуға ауысты