Қостанай облысында орман шаруашылығы кәсіпорындарынан 32 млн теңге өндірілді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданының прокуратурасы талдау барысында жекелеген орман шаруашылықтарының орманды пайдаланғаны үшін бюджетке ақы аудару мерзімін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қостанай облысының прокуратурасының мәліметінше, төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда салық органдары 5 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушілерге берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.

Сонымен қатар прокурорлар ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының орман пайдалану ақысын өндіріп алу шараларын қолданбағанын анықтады.

«Нәтижесінде аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 31,8 млн теңге өндірілді, салық органының басшысы қызметке  толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай шекарасында ірі жол жобасы аяқталды

Новости партнеров