Қостанай облысында сотталған ер адам 57 жасында мектеп бітірді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

1969 жылы туған азамат орта мектепті аяқтап, аттестат алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №38 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 1969 жылы туған азамат орта мектепті аяқтап, аттестат алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аlau.kz жазуынша, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша 8 жыл 6 айға сотталған. Оның айтуынша, бала кезінде отбасына көмектесу үшін ерте еңбекке араласып, мектепті толық тәмамдай алмаған.

Жазасын өтеу кезінде ол білімін жалғастыруға шешім қабылдап, қайтадан мектеп партасына отырған. Сабақтарға тұрақты қатысып, үй тапсырмаларын орындап, оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған.

«Оқу үшін ешқашан кеш емес. 57 жасымда білімнің тек жұмысқа емес, адамның өзіне де қажет екенін түсіндім. Бұл жерден басқа адам болып шыққым келеді», – дейді сотталған азамат.

Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, мұндай оқиғалар басқа сотталғандарға да оң әсер етіп, өзін дамытуға және заңға бағынған өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Оқи отырыңыз: Тұтынушылар құқығын қорғау: жыл басынан бері 405 млн теңге қайтарылды

Новости партнеров