Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Instagram/pso_dos.kst_
Instagram/pso_dos.kst_

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында үш тәулік бойы із-түзсіз жоғалып кеткен Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

24 сәуір күні кешке жас жігіттің мәйіті Мормыш көлі аумағынан табылды.

Марқұмның денесі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы "ДОС" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш берген сәттен бастап айналаны толық тексерген.

Жергілікті Mendiqara yni басылымының жазуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады.

"Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. 24 сәуірде шамамен сағат 19:30-да мәйіт тіршілік белгілерінсіз табылды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ажырасу бала психикасына қалай әсер етеді

Новости партнеров