Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған
Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты үйдің ауласында отырған егде жастағы ер адамға белгісіз біреу пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Қала тұрғындары бәзбіреудің көпшілікке шабуыл жасап жүргені туралы хабарламалар жариялап, өзге де зардап шеккендер барын жазған.
Алайда Қостанай облысының Полиция департаменті екінші адамның жарақат алғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Олар қарияның көз жұмғанын растап, күдіктіні анықтау және ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Балалардың ойын алаңы қауіпті аймаққа айналды: түркістандықтар дабыл қақты